"Айнадағы қыз". Төреғали Төреәлі кастинг жариялады

"Айнадағы қыз". Төреғали Төреәлі кастинг жариялады
Фото: instagram.com/toregalitoreali/

Танымал әнші Төреғали Төреәлі 18 бен 25 жас аралығындағы қыз балалар арасында кастинг жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші жаңа бейнебаянына түсетін қыз іздеп жатыр. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Ассалаумағалейкум. Жақында жарық көрген "Айнадағы қыз" атты әнімізге түсірілетін бейнебаянға 18 бен 25 жас аралығындағы қарындастарымызға кастинг жариялаймыз. Шарты оп-оңай. Сол әнімізге 15секундтық қызықты видео түсіріп , бізді белгілеп кетсеңіз болды", - деп жазды әнші. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева