Ауыл мен аймақ халқын тегін қарап, медициналық көмек көрсететін белгілі "Саламатты Қазақстан" пойызы 20 тамызы күні Алматы қаласынан шығып, аймақтарға қарай жол тартты.
Ең алдымен Алматы облысы мен Жетісу облысына, одан әрі Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстары, Ұлытау облыстарына бармақ. Төрт жарым ай елді аралап, 1 қараша күні қайта Алматы қаласына келіп биылғы миссиясын тәмамдамақ. Барлығы 67 шалғай бекетке барып тоқтап, 10 мың шақырым жол жүрмек.
Қазақстанда үш медпойыз бар
Медициналық пойыздарды жолға шығарып, шалғай елдімекендерге білікті дәрігерлерді апарып тексеріп, халықтың денсаулығын қарау, көмек көрсету – елімізде ең маңызды әлеуметтік жобалардың біріне айналған. 2010 жылы қолға алынған. Биыл 12 жыл болып отыр.
Қазіргі таңда Қазақсатнда үш медициналық пойыздың түрі бар екен. Оның бірі – Саламатты Қазақстан болса, екіншісі – "Жәрдем" пойызы. Үшіншісі "Денсаулық" деген пойыз, бірақ ол келесі жылы жолға шықпақ. "Жәрдем" пойызы елдің батыс өңірлеріне барады.
"Жәрдем" және "Саламатты Қазақстан" медициналық пойыздары жалпы саны 60000 адамды қамтып, дәрігерлердің қабылдауына келу саны 100 мыңға, диагностикалық емшараны 18000-ға, шағын хирургиялық операцияны 1200-ға болса жеткізуді көздеп отыр. Сондай-ақ 8 мың адамға стоматологиялық көмек көрсетілмек. Екі пойызда 36 дәрігер бар.
Жобаны қаржыландырушы "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.
"Неге біз бұл жобаны қолдадық? Себебі бұл нағыз халыққа, азаматтарымыздың денсаулығын жақсартуға септігін тигізетін әлеуметтік маңызы бар жоба. Халыққа қажет. Өйткені шалғай аймақтағы жұрттың дәрігерге қаралып тұруға мүмкіндігі жоқ. Тіпті, аурухана-пойызға қаралуға келген пациенттердің арасында дәрігерге алғаш қаралып тұрған адамдар бар", – дейді атап өтті "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева.
4 вагон дәрігер
"Саламатты Қазақстан" пойызы 8 вагоннан тұрады. Оның екеуінде дәрігерлер тұрады. Біреуі мейрамхана, енді біреуінде дизель генератор – пойызды жылу және жарықпен қамтушы құрылғы қойылған. Пойызда 13 қызмет көрсетуші персонал мен 20 шақты дәрігер бар. Медпойызда тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін күзет қызметі де бар екен.
"Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы жапон және неміс өндірісінің жабдықтарымен қамтылған: аппаратура қажет болған жағдайда кеңейтілген жалпы және биохимиялық талдаулар, рентгенография мен флюрография, ішкі ағзалар мен тамырлардың УДЗ-зерттеулерін, электрокардиограмма, гастрофиброскопия және диагностикалық зерттеулердің басқа да түрлерін жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар биыл стамотологиялық құрылғылар да жаңартылған", – деді "Саламатты Қазақстан" пойызының аға дәрігері Арман Исайнов.
Тіс дәрігері мен стомотология жабдығы
Медпойызда мынандай дәрігерлер бар: терапевт, педиатр, кардиолог, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, стоматолог, рентгенолог, кардиолог, УДЗ дәрігері, эндоскопист, функционалдық диагностика дәрігері. Биыл медицина мамандарының құрамына психолог және дерматовенеролог қосылды. Дәрігерлер бригадасы халыққа барлық қызметті тегін көрсетеді.
Пойызда экспресс-тест жасауға арналған арнайы зертхана жабдықталып қойылған. Әр дәрігердің өзі кабинеті бар әрі вагонның іші соған ыңғайланып жасалған.
Пойызда уай-вай бар
Дизель-генератор вагоны қажет болған жағдайда төтенше жағдай кезінде шағын елді мекенді электр энергиясымен қамтамасыз ете алады. Пойыздар республиканың жетекші клиникаларымен телемедициналық консультациялар жүргізу үшін телефон байланысымен, интернет желісімен жабдықталған.
Дәрігерге қаралу үшін не керек?
Медпойыздың ел өңірлеріне қашан барып, қай күнге дейін болатыны мына суретте көрсетілген.
Дәрігерге қаралу уақыт соған ыңғайласасыңыз болады. Қаралу үшін тек төлқұжат қана керек.
2010 жылдан бері "Денсаулық", "Жәрдем" және "Саламатты Қазақстан" атты үш консультациялық-диагностикалық пойыздың дәрігерлері Қазақстанның шалғайда орналасқан 1700-ден аса елдімекенін аралап, 488 881 тұрғынды тексеруден өткізді. Оның ішінде 101 мыңнан астамы – балалар. 1 647 138 диагностикалық ем-шара, 11 981 кіші амбулаториялық операция өткізілді. Маммолог мамандар 67 148 әйелді қабылдаған.