Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Ұлысқа берген сұхбатында қазір ҰБТ қаншалық ашық, әділ өтетіні туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аймағамбетов ҰБТ-да Тұрсынбек Қабатовтың қызының орнына басқа адам кіргені қалай анықталғаны жөнінде де әңгімеледі.
"ҰБТ-ға жауапты - Ғылым және жоғары білім министрлігі. Ол министрліктің ҰБТ-ны өткізетін орталығы бар, ол мемлекеттік. Ол ҰБТ-ны ұйымдастырумен айналысады, екіншіден, сұрақтарды дайындайды. Бірақ өздері өткізбейді, қазір компьютер арқылы өтеді. Компьютерлер жеке меншік ұйымдікі. Ұйымдастыру, сұрақтары, бақылау мемлекеттің жауапкершілігінде. Бізде ҰБТ қағаз жүзінде болғанда тәуекелдері де көбірек болды. Сол тәуекелдерді анықтау мүмкін де болмады. Мектептің, университеттің жертөлелерінде отыратын бункерлер, басқа азаматтар кіретін деректер болды. Ол кейсте (Тұрсынбек Қабатовтың қызына қатысты оқиғада - еск.) Дидар Смағұлов (ҰТО бұрынғы басшысы - еск.) болды, мен болдым. Біз жұмыс істеп, анықтадық. Ол (жаңа - еск.) жүйенің арқасында кіре алмады. Екіншіден, оны тез анықтауға мүмкіндік болды. Ескі жүйе болғанда қалай болатынын кім біледі?! Баяғыда жеке куәлігіңді қарап өткізе беретін. Қазір жеке куәлік жеткіліксіз, түріңді анықтайтын құрылғы бар", - деді экс-министр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз