Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов премьер-министрге депутаттық сауал жолдап, магистратура мен докторантураға түсу тәртібін өзгерту қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазір бекітілген талап бойынша магистратура мен докторантураға түсу үшін талапкерлер ағылшын тілінен емтихан тапсыруы міндетті. Оқу қазақ немесе орыс тілінде жүргізілсе де, бұл талап бәріне ортақ.
"Қазақ филологиясы, этнография, музыка сияқты мамандықтарға түсетін жастар да алдымен ағылшын тілінен емтихан тапсыруы керек. Әрине, ғылыммен айналысу үшін ағылшын тілін білу маңызды. Себебі күн сайын жарияланып жатқан ғылыми жаңалықтардың көпшілігі ағылшын тілінде. Оларды оқу, түсіну, пайдалану әр зерттеушіге қажет. Сондықтан бұл талап кезінде заманға сай, орынды шешім болды. Ашығын айтқанда, бұл талапты кезінде министр болғанда қолдаған да, бекіткен де өзім болатынмын. Алайда қазір жағдай өзгерді. "Елу жылда ел жаңа" дейді. Біз бес жыл ішінде жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық. Технологиялық революция жүрді", - деді депутат.
Аймағамбетовтің айтуынша, қазір ChatGPT, Gemini сияқты құралдардың көмегімен кез келген ағылшын мәтінін санаулы секундта, сапалы түрде қазақ немесе орыс тіліне аударуға болады.
"Иә, ағылшын тілі ғылым үшін әлі де қажет. Қажет болады да. Бірақ қазіргі технологиялардың арқасында бұл талап магистратураға түсуге кедергі болмауға тиіс. Өйткені енді осы технологиялармен жастар ғылыми жұмысын бастай алады. Оның үстіне, шыны керек, айтылған талап студенттердің тілдік деңгейін айтарлықтай көтере алған жоқ. Ең қиыны, қазақ әдебиеті мен өнерін зерттегісі келетін жастар ағылшын емтиханынан өте алмағаны үшін магистратура мен докторантураға түсе алмай жүр. Не істеу керек? Әрине, ағылшын тілін қолдай отырып, бұл талаптарды өзгертуіміз керек", - деді ол.
Асхат Аймағамбетов бұл бағытта мынадай ұсыныс жасады:
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!