Енді грантпен докторантураны тәмамдаған азаматтар мектептерде және басқа да білім беру ұйымдарында еңбек етіп, міндетті жұмыс мерзімін өтей алады. Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, депутаттар ұсынған авторлық түзетулер заң болып бекітілген. Бұрын докторанттар оқу бітірген соң жоғары оқу орындарында, ғылыми институттарда немесе мемлекеттік органдарда жұмыс істеуге міндетті болатын.
"Ал іс жүзінде мектептерге және басқа да білім беру ұйымдарына дәл осындай терең білімі бар мықты PhD докторлар өте қажет еді. Бірақ қатал норманың кесірінен жас мамандар мектепке бара алмайтын, өйткені ол жақтағы жұмыс міндетті өтеу мерзімі ретінде есептелмейтін. Біз бұл кедергіні алып тастадық", - деді депутат.
Асхат Аймағамбетовтің сөзінше, енді:
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз