Аймағамбетов депутаттық пәтерді алуға қатысты сұраққа жауап берді
Фото:
gov.kz
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов депутаттық пәтерді алуға қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналистер экс-министрге "депуттаттық пәтер алу ойыңда бар ма?" деген сұрақ қойды.
"Бұл сұрақты күттім. Бұған қатысты Үкімет қаулысы бар. Барлығы регламенттелген. Заңда не жазылса, соны орындаймыз. Мен осында (Астанада - еск.) тұрамын. Менің көппәтерлі тұрғын үй кешенінде өз пәтерім бар. Басқа жаққа көшу жоспарда жоқ", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек