- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Айлығым - 700...
"Айлығым - 700 мың теңге": Жаңаөзен әкімі Жигули маркалы көлігі бар екенін айтты
Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақов айлығы мен көлігі туралы сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол "Обожаю" Youtube-арнасында Асхат Ниязовқа берген сұхбатында айтты. Әкімнің айтуынша, ол жұмыста мемлекеттен бөлінген "Land cruiser 200" маркалы көлігімен жүреді.
"Ақтауда "Жигулидің" соңғы үлгісінде шыққан көлігім бар. Балаларым мінеді. Онымен жүрмеймін. Ал жұмыста мемлекеттен берілген көлікпен жүремін. Бұл көлікпен маған дейін бірнеше әкім пайдаланған", - деді қала әкімі.
Сондай-ақ, қала әкімі әлі күнге дейін жеке пәтері жоқ екенін айтты.
"Айлығым - 700 мың. Мүлдем өзімнің жеке пәтерім жоқ. Мемлекеттік қызметкерлерге беретін пәтерде тұрамын. Егер үй берілмесе, жалдап тұрамын. Қандай айырмашылығы бар?", - деді Айбек Қосуақов.
Еске салайық, бұған дейін Ақтау қаласының әкімі Нұрлан Ноғаевтың Астанадағы үй, жеке лифт, көлігі туралы сұрақтарға жауап бергені жарияланған болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы