- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Айқын мен Жұлдыз...
Айқын мен Жұлдыз 9 жылдан соң үйлену тойын жасады
Танымал жұлдызды жұп Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидің үйлену тойы басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақ эстрадасының жұлдыздары жұлдызды жұптың көптен күткен тойына барып, сурет пен видео жариялап жатыр. Тойда Жұлдыз Өмірғалидің қалыңдық көйлегін киіп, Айқын балаларымен қол ұстасып ортада жүргенін байқауға болады.
Мәдина Сәдуақасова, Аша Матай той барысынан контент жариялады.
"Екі бұлақ бір арнаға тоғысты.
Екі жүрек ұғынысты, табысты.
Тілейікші аппақ арман-ағысты.
Тұлпарға тән озып шығар шабысты.
Жаңа отаудың шаңырағын көтеріп.
Кел, достарым, жақсы тілек тілейік!
Бақытты болыңдар!", - деп жазды Аша Матай екі жастың суретін жариялап.
Ал әнші Альбина Шардарова тойға бара алмай қалғанын айтып, әлеуметтік желіде құттықтады.
"Айқын мен Жұлдыздың тойында отыру керек болғанбыз ғой негізі. Апамыз басқа қалаға іссапармен кетіп қалды. Екі қызбен бармай-ақ қояйық деп шештік. Екеуі отырғызбайды бәрібір. Жолда құрбымның да тойына кіріп шығамыз дегенбіз...", - деп жазды ол.
Еске салайық, Айқын Төлепберген әлеуметтік желідегі парақшасында "Бейсенбі күні тойымыз болады. Тойға шақырту алып келмегендер нөмірімді өшіріп тастай беріңіздер" деп хабарлаған болатын.
Оған дейін жұлдызды жұп "Астарлы ақиқат" бағдарламасында қонақ болып, тоғыз жыл күткен тойды енді жасайын деп жатқаны туралы айтып берген еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева