- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Айкөркемнің өліміне қатысты...
Айкөркемнің өліміне қатысты іс: прокуратура сот шешіміне шағым түсіреді
Алматы гарнизоны әскери сотының үкімімен Қаңтар оқиғасы кезінде 4 жасар Айкөркем Мелдеханды өлтірді деп күдікке ілінген әскери ақталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бас әскери прокуратура сот үкімінің күшін жою туралы өтініш береді.
"2023 жылдың 15 қарашасындағы Алматы гарнизоны әскери сотының үкімімен А.И. Жұман ақталды.
Бұдан бұрын ол қаруды қолдана отырып, билікті асыра пайдалана отырып кәмелетке толмаған тұлғаның өліміне және екі тұлғаға дене жарақатын келтіргені үшін сотқа берілген болатын.
Сот жарыс сөзі барысында мемлекеттік айыптаушы Жұманды кінәлі деп танып, оған 7 жыл бас бостандығын айыру жазасын тағайындауды сұраған.
Сот үкімін бұзу үшін прокурормен апелляциялық өтініш хат келтіріледі", - деп хабарлады Бас әскери прокуратура.
Еске салайық, 4 жасар Айкөркем Мелдехан былтырғы Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан