- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Айқайы естілген". Есіл...
"Айқайы естілген". Есіл өзенінде қамыс арасында қалып қойған әйел құтқарылды
Петропавлда көпірден өзенге құлап кеткен қала тұрғыны құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 қазанда сағат 22:30 шамасында полицияға Есіл өзені арқылы өтетін автомобиль көпірі маңында әйел судан шыға алмай жатқаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының жақын маңдағы экипаждары жіберіліп, ТЖ қызметкерлері мен жедел жәрдем шақырылған.
Ведомство мәліметінше, құтқару барысында қараңғыда әйел адамның айқайы естілген.
"Әйелді табу оңайға соққан жоқ. Ол қараңғыда бағытты жоғалтып, жағадан алыстап, қамыс баурайында қалып қойған. Шам жарығын көрген әйелдің өзі маған қарай жүруге тырысты, бірақ орнынан қозғала алмады", - дейді полицей.
Келіп жеткен жедел жәрдем арбасы тоңып қалған 32 жастағы Петропавл тұрғынын медициналық мекемеге жеткізді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова