- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Айқайлаған дауысын көршісі...
Айқайлаған дауысын көршісі естіген: Алматы облысында бала каналға құлап кетті
Алматы облысында жеті жастағы бала каналға құлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, оқырмандар редакцияға 5 маусымда Талғар қаласының маңында жеті жастағы бала каналға құлап, оны ағыс алып кеткенін хабарлаған. Бұл уақытта оның анасы ауруханада болған. Баланың айқайын көршісі естіп, үйден жүгіріп шығып, оны ұстап алуға тырысқан. Зардап шеккен баланың көршісінің айтуынша, балалар каналдың жағасында ойнауға жиі барады, ол қоршалмаған, тіпті жақын жерде қауіп туралы ескерту тақтасы да жоқ. Тұрғынның айтуынша, олар бірнеше рет әкімдікке арнаны қоршау туралы өтініш білдірген.
Талғар аудандық орталық ауруханасы өкілдері бұл ақпаратты растады. 5 маусымда зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілген. Оның жағдайы орташа ауыр күйде.
"Науқас бақылау үшін жансақтау бөліміне жатқызылды. Келесі күні одан әрі емделу үшін облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды", - деді Талғар ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Талғат Малаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова