Белгілі блогер, актриса, дизайнер Айжұлдыз Адайбекованың сүйіктісі Сәкен Қағаров туған күнге арналған сыйын шетелде тарту ететінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы Revue News бағдарламасында сөз қозғады.
"Айжұлдызға бірнеше елге саяхатқа жолдама сыйладым. Екі-үш күннен кейін кетеміз. Барлығын әлеуметтік желіден көресіздер ғой. Әуелі Лондонға, сосын Исландияға барамыз. Ол жақта оны тосынсый күтіп тұр", - деп қызықтырып қойды Сәкен Қағаров.
Ал Айжұлдыз Адайбекова өзіне туған күнінде ерекше тілек айтты.
"Өзіме тілейтінім - бақыт. Мүмкін бөпелі болармыз, кім біледі? Негізі сіздер білмейтін көп нәрсе болды. Қазір сүйіктіммен бірге тұрып жатырмыз. Менің ойымша, ол кісі өзі дайын болған кезде, рұқсатын берген кезде мен де дайын боламын. Көз бар, сөз бар дегендей, әзірге жеке өмірімізге қатысты көп нәрсені жарияламадық", - деп қысқа қайырды өнер иесі.
Айта кетейік, былтыр Айжұлдыз Адайбекова 27 жасқа толған туған күнін тойлап, 10 мың доллар құртқанын айтқан болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!