Танымал актриса Айжұлдыз Адайбекова туған күнін атап өтуге қанша қаражат жұмсағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұдан бірнеше күн бұрын актриса Айжұлдыз Адайбекова 27 жасқа толды. Өнер иесі туған күнін Алматыда дүркіретіп өткізді. Ол Revue news-қа берген сұхбатында туған күніне 10 мың доллар құртқанын айтты.
Өнерпаздың айтуынша, туған күніне 150 адам шақырылған. Сондай-ақ, ол 5 қабатты тортқа тапсырыс берген.
"Қателеспесем, туған күннің ақшасы 5 миллионға шықты. Ақша қайтып келеді, бірақ мұндай сәттер ешқашан қайтып келмейді. Сыйлыққа бренд зат көп алдым", - деді актриса.
Айжұлдыз Адайбекова енді не қалайтынын бөлісті.
"Жаңа жасымнан жаңа биіктіктерді, жақсы нәтижелерді, бақытты болуымды, жақсы көретін адамыммен қосылуымды тілеймін, - деді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!