Танымал өнер иесі Жанар Айжанованың қызы әрі блогер Айжұлдыз Адайбекова өзіне сезімін білдіріп жүрген адамдар барын айтады. Ол бұл туралы Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ондай адамдар көп, әрине, бар", - деді ол бағдарлама барысында.
Ол журналистің "болашақта тойға баруымыз мүмкін бе" деген сұрағына да жауап берді.
"Ықтимал", - деді ол.
Айта кетейік, Айжұлдыз Адайбекова мен Қыран Талапбек 2020 жылы шаңырақ көтерген еді. Кейін олар ажырасып кетті. Олардың Назар есімді ұлы бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!