- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Айжұлдыз Адайбекова бір...
Айжұлдыз Адайбекова бір күнде қанша ақша жұмсайтынын айтты
Фото:
instagram.com/aizhuldyz_adaibekova/
Айжұлдыз Адайбекова әлеуметтік желіде бір күндік шығынын жазып, оқырмандарынан бұл соманы басқа қайда жұмсауға болатын сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мысалы 1 күнде статистика бойынша адам 18 мың - 35 мың теңге аралығында ақша құртады. Менің ойымша орташа есеп: таңғы ас шамамен 2000 теңге, түскі ас 3000 теңге, кешкі ас - фастфуд 4000 теңге. Такси шамамен 6000 теңге (бару-қайту бір күнде), сосын жеке қалауларың бар, киноға бару, кездесу, заттар сатып алу дегендей. Осы 30 мың теңгені басқа қайда жұмсауға болады?", - деп жазды Айжұлдыз Адайбекова әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ал сіздің ойыңызша бұл сомаға басқа не істеуге болады?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева