Айжан Шайназарова Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Айжан Болатқызы Шайназарова Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Айжан Шайназарова 1971 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Санкт-Петербург мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұлттық мемлекеттік саясат мектебін бітірген, Дьюк университетінде тағылымдамадан өткен.
Еңбек жолын 1993 жылы Жамбыл жеңіл және азық-түлік өнеркәсібі институтының Алматы филиалында аға лаборант қызметінен бастады.
1994-1999 жылдары Қазақ мемлекеттік басқару академиясында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
1999-2001 жылдары — Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ аға оқытушысы.
2001-2004 жылдары — ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ұйымдастыру жұмысы және әлеуметтік технологиялар департаментінің талдау және мониторинг орталығының бас маманы, басшысы.
2004 жылғы ақпан-желтоқсан аралығында — ҚР ақпарат министрлігінің Әлеуметтік технологиялар департаментінің талдау және мониторинг орталығының бастығы.
2004-2021 жылдары ҚР Президенті әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған.
2021 жылғы ақпаннан бастап Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!