Танымал блогер, актриса Айжан Байзақова мәһрге не сұрағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Stories-інде айтты. Блогер Instagram-парақшасында сұрақ-жауап айдарын өткізіп, Желі қолданушыларының сұрақтарына жауап берді.
"Құпия болмаса, мәһрге не сұрадыңыз" - деп сұрақ қойған қолданушылар.
"Мешітте ештеңе айтқан жоқпын, молдадан кейін жеке айтуымды сұрадым. Әрине, бұл туралы көп қалжыңдадық, бірақ білесіз бе, көлігі де, айфоны да бар, оның үстіне, тон кимейтін, әшекейге қызықпайтын адамға бір нәрсе сұрау қиын. Сондықтан біз әзірге нақты ештеңе шешпедік", - деді актриса.
Еске салайық, бұған дейін Айжан Байзақоваға қалай сөз салғанын хабарлаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!