Айгүл Иманбаеваның 25 жыл бұрын тұрмысқа шыққандағы суреттері жарияланды

Айгүл Иманбаеваның 25 жыл бұрын тұрмысқа шыққандағы суреттері жарияланды
Фото: видеодан скриншот

Жақында екінші рет тұрмысқа шыққан әнші, актриса Айгүл Иманбаеваның алғашқы үйлену тойындағы суреттері жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Архивтегі фотоларды іздеп тауып, жарыққа шығарған - журналист, тележүргізуші Динара Сәтжан. 

Ол Айгүл Иманбаева мен оның бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықовты қонаққа шақырып, сұхбат алған. 

Dinara Satzhan Late Night show бағдарламасында Айгүл Иманбаева мен бұрынғы күйеуінің осыдан 25 жыл бұрынғы тойының шақыртуы мен сол тойдағы суреттері көрсетілді. 

Еске салайық, жақында шетелде оқып келген Айгүл Иманбаева Америкада тұратын қазақ жігітіне тұрмысқа шыққаны туралы айтқан болатын. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева