- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Айгүл Иманбаева
Айгүл Иманбаева ұлының тойында жаңалығын жария ететінін айтты
Жақында тұрмысқа шыққан Айгүл Иманбаева ұлының тойына дайындалып жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлының тойында әнші бірнеше жаңалығы туралы хабарлайтынын жеткізді. Айгүл Иманбаева бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
"2025 жылы үйлену тойы болады. Алайда той Қазақстанда болмайды. Күйеуім екеуміз Американың Лос-Анджелес қаласында тойлаймыз деп жоспарладық. Соңғы кездері маған "аяғың ауыр ма?" деген сұрақ көп қойылады. Бұл туралы босанғаннан кейін айтайын. Міндетті түрде сіздерден сүйінші сұраймын. Ұлым Асылжанның тойы басқа форматта өтеді. Сол тойда тағы да бірнеше жаңалығымызды жария етеміз. Әр шаңырақта той болсын”, - деді Айгүл Иманбаева.
Еске салайық, бұған дейін шетелде денсаулығын тексертіп жүргені туралы айтқан болатын. Желі қолданушылары әншінің балалы болуды жоспарлап жүргенін айтып, тілек жазған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева