- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Айгүл Иманбаева: Немере...
Айгүл Иманбаева: Немере бағып үйде отырмаймын
Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева жақында өмірге келген немересін бағып отырмайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Айгүл Иманбаева "Мамский әңгіме" подкасында Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында мәлімдеді. Актрисаның немересі өмірге келгеніне үш ай өтсе де, немересін бағып үйде отырмаған екен.
"Немерелі болғаным рас. Үш айға толды. Маған қарағанда анам қасында көбірек болады. Немере бағатын әжеге ұқсамаймын ғой. Балама да бірден айтқанмын: "Мен немере бағып, жөргегін алмастырып отырмаймын. Бірақ әнімді айтып, бесігін тербетемін" деген едім. Осы күнге дейін әлі немеремді шомылдырған да жоқпын", - деді Айгүл Иманбаева.
Еске салайық, жақында жеке өмірі туралы ашық айтқан Айгүл Иманбаева күйеуі туралы айтқан болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева