Танымал әнші және актриса Айгүл Иманбаева "Таңшолпан" бағдарламасына берген сұхбатында басынан өткен қызық оқиғаны бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айгүл Иманбаеваның айтуынша, 2008-2009 жылдары оны Роза Рымбаева үйіне қонаққа шақырған.
"Екеуміз шай ішіп болғасын ол дүкенге барып келейік деді. Роза Қуанышқызы қасымда отыр, мен көлік айдап келе жатырмын. Бұрылуға болмайтын қос жолақты жолда келе жатырмыз. "Қасымда Роза ханым бар ғой, ұстап алса, жауап береді" деп бұрыла салдым. Артымнан жол полициясы қуып келді. Көліктен түскен жоқпын, әлемді тіреп тұрған адамдай отырмын. Терезені ғана аштым. Роза Қуанышқызы жауап береді деп отырмын ғой. Бір қарасам, Роза Қуанышқызы қасымда жоқ. Көліктен түсіп кеткен. Ол жаңағы жол полициясымен сөйлесіп тұр. "Ол жас қой деп" мен үшін кешірім сұрап жатыр. Бұл оның кішіпейілділігін көрсетеді. Аңызға айналып кеткен адам болса да, өте кішіпейіл", - деді өнер иесі.
Еске салайық, Айгүл Иманбаева 2024 жылы екінші рет тұрмысқа шықты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жапатова