Әнші, актриса Айгүл Иманбаева "Сырласу" бағдарламасында Лос-Анджелес қаласындағы жолдасымен неке қию сәтінің видеосын көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол жолдасын алғаш рет көпшілікке көрсетті.
"Бұл – неке қию сәті. Лос-Анджелес қаласында палестиндіктердің мешітінде жаңа жыл қарсаңында некемізді қидық. Ұлым мен құрбым арнайы ұшып келді. Әкем бұл дүниеде жоқ болғандықтан әкемнің орнына аманаттап мені жолдасыма ұлым тапсырды", - деді әнші.
Бағдарлама барысында Айгүл Иманбаева жолдасының есімі Ерлан екенін, ұлының оған тұрмысқа шығуға еш қарсылық білдірмегенін айтты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз