Apple компаниясының негізін қалаушы марқұм Стив Джобстың аяқ киімі бәссаудаға қойылды. АҚШ-та өткен аукционда әйгілі миллиардердің ескі аяқ киімі 2,75 мың долларға сатылды.
Бәссаудаға шығарылған бұл жазғы аяқ киімді Стив Джобс 1980 жылдары, шамамен NeXT Inc. компьютерлік компаниясының негізі қалана бастаған уақытта киген. ІТ-технология дәуірінің пионері ретінде әлемге әйгілі болған марқұмның аяқ киімін кім иемденгені құпия қалып отыр. Бұған қоса аукционда Стив Джобске тиесілі болған жейде, қол сағат пен хат жазуға арналған қалам да сатылды. Олар аукционға 3,4 мың доллар пайда әкелген.
Агенттіктің хабарлауынша, заттарды бәссаудаға америкалық кәсіпкердің танысы, аспаз Марк Шеф қойған екен. «Джобста көзге түрткі, аяққа оралғы басы артық зат болмайтын, қажетсіз дүниелерді бірден лақтырып тастап отыратын. Ал мен болсам, керісінше қоқысқа кеткен заттарды жинап жүрдім», − деді ол.
Дереккөз: bnews