“Әйеліңнің бағы бес елі“. Кенжебек Жанәбілов әйеліне көлік сыйлады

“Әйеліңнің бағы бес елі“. Кенжебек Жанәбілов әйеліне көлік сыйлады
Фото: instagram.com/kenzhebekmuzart/

Танымал әнші, "МузАРТ" тобының мүшесі Кенжебек Жанәбілов әйеліне су жаңа көлік мінгізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, оқырмандарынан сүйінші сұрады. 

"Қолдан келгенше жақсылық жасап, ниетті дұрыстасаңыз, армандар орындалады! Келісесіздер ме?", - деп жазды Кенжебек Жанәбілов. 

Желі қолданушылары әншінің әйелін құттықтап, түрлі тілек жазып жатыр. 

"Құтты болсын, қарақтарым! Жұғысты болсын, мінсе, қазақтың қыздары мінсін!", "Әйеліңнің бағы бес елі екен, сендей жанды жолықтырған. Армандарың бітпесін. Бәрі орындалсын" деп жазып жатыр олар. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кенжебек Тұрсынбайұлы (@kenzhebekmuzart)

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева