- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Әйеліне қаржылай тәуелді...
“Әйеліне қаржылай тәуелді болса да, қыспақта ұстаған“. Әл-Бейне Зарипованың өліміне қатысты сот жүріп жатыр
Әйеліне қаржылай тәуелді болса да, қатаң қыспақта ұстаған. Алматыда 15 жыл бірге тұрған күйеуінің қолынан қаза тапқан Әл-Бейне Зарипованың өліміне қатысты атышулы іс жалғасып жатыр. Бүгінгі сот отырсында марқұмның анасы мен інісі жауап берді. Айтуларынша, қайғылы жағдайға дейін де келіншек жұмыс істемейтін күйеуінен бірнеше мәрте таяқ жеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" арнасына сілтеме жасап.
Бұл - күйеуінің қолынан қаза тапқан Әл-Бейненің анасына жіберген соңғы сөзі. Алматыдағы өмірін тозақпен теңестіруіне себеп жетеді. Жақындарының айтуынша, қайғылы жағдайға дейін де сүйіп қосылған күйеуінен көрген қорлығы көп.
"Қызымның мойнынан көгерген іздерді көріп, "мынау не?" деп сұрадым. "Күйеуім мені тұншықтырды" деді. Кейін "Анашым, мен оның тоқтаусыз қадағалауынан шаршадым. Тіпті үйден шыға алмай қалдым. Ол мені ешқайда жібермейді. Киім алайын десем, "саған қажеті жоқ" деп бетімді қайтарады. Оның ойлағаны ақша ғана. Тапқанымды қайта-қайта сұрай береді" деген", - деді марқұмның анасы Мағжан Байсейітова.
Марқұм Әл-Бейне Зарипова көзі тірісінде ақшадан тарықпаған. 42 жасында қаржыгер болып жұмыс істеп, өз көлігі, бір емес, үш пәтері болыпты. Кейін екі қабатты зәулім үй салып алған. Әл-Бейненің өмірі осы өз үйінде үзілді.
31 қаңтарда шетелден Алматыға келгеннен кейін екеуінің арасында кикілжің туындаған. Тергеу мәліметінше, 48 жастағы Сабыржан Зарипов әйелін қызғаныштан пышақтап тастаған.
"Зарипова Дубайда басқа жігіт тапқанын, ал онымен ажырасқысы келетінін айтқан. Кәмелетке толмаған қызы екінші қабатта ұйықтап жатқан соң, сөйлесу үшін жертөлеге түседі. Зарипов әйелінен "ұялмайсың ба?" десе, ол ұялмайтынын айтып күлімсіреген. Қызғаныштан оң қолына пышақ алып, күтпеген жерден Зарипованың мойнына, жамбасына, ішіне сұғып алған", - деді прокурор Нәйлә Қанатова.
Прокурордың сөзінше, кейін күйеуі Әл-Бейненің телефонын пайдаланып, есепші болып жұмыс істеген компанияның шотындағы 4 миллион 700 теңгені өзіне аударып алған. Сабыржан Зарипов қазір екі баппен айыпты танылып отыр. Бірі — ұрлық, екіншісі — адам өлтіру. Алайда жәбірленуші тарап қылмыстың қызғаныштан, аффект жағдайында болмағанына сенімді. Сондықтан аса қатыгездікпен адам өлтіру бабына ауыстыруды талап етіп отыр.
"Денесінің бәрі кесіліп кеткен. Әсіресе жыныс мүшесін кескілеп тастаған. Бетінің де сау-тамтығын қалдырмапты. Көзінен иегіне дейін тілінген. Тіпті сүйегі көрініп тұрды", - деді марқұмның інісі Ерік Жүсіпов.
Қылмысынан кейін Сабыржан Зарипов 12 жастағы қызын туыстарының үйіне тастап кеткен. Қамқоршы ретінде қарындасы танылыпты. Қазір жеткіншек заң бойынша соның қолында. Комиссияның шешімімен марқұмның жақындары онымен мүлде келіспейді. Өйткені жалғыз қызы кәмелетке толмаған, Әл-Бейненің 42 жыл жиып-терген мүлкі күйеуінің туыстарына кетіп қалуы мүмкін екен.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек