- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әйеліне 15 жылда...
Әйеліне 15 жылда қолы тимеген, әйелін мүлдем ұрмаған еркекке арнайы сыйлық берілді
Қазақстанда өткен тойда асаба әйеліне 15 жылда қолы тимеген, әйелін мүлдем ұрмаған еркекке сыйлық берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Танымал асаба Берік Жорабеков той жүргізіп жатқанда "Әйелін ешқашан ұрмаған еркек бар ма?" деп сұрағанда тойға жиналған қауым біраз абдырап қалды. Қолын көтеріп, ортаға шыққан қонақ әйелімен үйленгеніне 15 жыл болғанын, осы уақыт ішінде бір де бір рет қол көтермегенін айтты.
Асаба қонақтың жауабына тәнті болып, "Отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды деген өтірік әңгіме, ағайын",- деп әйелін ұрмаған еркекке сыйлық табыстады. Өзіне ғана емес, әйеліне, баласына деп үш сыйлық беріп, жиылған көпшілікті тәнті етті.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеоның астына түрлі пікір жазылды. "Осыны да мақтан көре ме?" дейтіндер де табылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина