Әйелін ұрып-соққан боксшы Теміртас Жүсіпов үндеу жасады

Әйелін ұрып-соққан боксшы Теміртас Жүсіпов үндеу жасады
Фото: Видео кадры

Әйелін аяусыз ұрып-соққан боксшы Теміртас Жүсіпов видеоүндеу жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында әйелімен бірге отырған видео жариялады. Ерлі-зайыпты татуласқанын және отбасын сақтап қалуға шешім қабылдағанын айтты.

Жүсіпов жұбайы екеуінің арасында расында да отбасылық жанжал болғанын растады. Кейін олар болған жағдайды бірге талқылап, отбасылық өмірді жалғастыру туралы ортақ шешімге келген. Сондай-ақ, ол көпшіліктен олардың жеке өміріне құрметпен қарауды сұрады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Темиртас Жусупов (@temirtaszhussupov)

Жұбайы арызын қайтарып алды Боксшының жұбайы арызын өз еркімен қайтарып алғанын және қылмыстық істі тоқтатуды сұрағанын мәлімдеді. Ол мұндай шешімді ешкімнің қысымынсыз, өз қалауымен қабылдағанын атап өтті. Оның сөзінше, отбасы болған жағдайды ұмытып, әрі қарай тыныш өмір сүргісі келеді.

Еске салайық, бұған дейін бокстан әлем чемпионы Теміртас Жүсіповтің әйелін ұрып-соққаны туралы ақпарат тараған еді. Кейін Ақмола облысының полиция департаменті денсаулыққа қасақана зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Полиция мәліметінше, 30 маусымда Көкшетау тұрғыны отбасылық жанжал кезінде әйелін ұрып-соққан. Кейін спортшының әйелі күйеуіне қатысты шара қолданбауды сұраған. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget