Әйелін ұрған деген күдікке ілінген дипломат Сәкен Мамашқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшілігінің кеңесшісі болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа мәлімет жария етілмейді", - деп хабарлады Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Бұған дейін әлеуметтік желіде "Не молчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі әйелін ұрып-соғатынын жазған еді. Оның айтуынша, қазақстандық дипломат жұбайының әкпесіне де қол көтерген.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!