Әйелін туған күнінде “көк папкамен“ құттықтаған депутат Дәулет Мұқаев жұрттың сынына жауап берді

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жұбайының туған күніне Парламенттің ресми хатына ұқсайтын адресат табыстаймын деп сынға қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Депутат Мәжіліс дәлізінде осы жайтқа қатысты пікір білдірді.

"Құттықтау 5 мамырда болған еді. ...Мені жерден алып, жерге салып жатқандарға қайталап жазайын, бұл - менің жеке құттықтауым. Парламенттің ресми құттықтауы емес! Басшылардың қойып берген мөрі де, қолы да жоқ. Әрі ол мемлекеттік шара немесе Парламенттің отырысында жасалмады. Отбасылық достармен өткен жиында, жұмыс уақыты біткен уақытта құттықтадым! ...Регламентке сәйкес рұқсатсыз Парламенттің ресми бланкісін пайдалануға тыйым салынады, ал бұл жағдайда әңгіме тек папка туралы болып отыр", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жұбайының туған күніне "Парламент атынан" арнайы құттықтау адресатын жасап, табыстағаны хабарланды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!