Әйелін өзіне-өзі қол жұмсауға жеткізген: қылмыстық іс сотқа жіберілді

Әйелін өзіне-өзі қол жұмсауға жеткізген: қылмыстық іс сотқа жіберілді
Фото: gov.kz

Ақмола облысында өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Көкшетауда әйелдің асылып, өзін-өзі өлтіруіне қатысты қылмыстық іс қайта жалғасты.

"Тергеу нәтижесінде Красный Яр ауылының тұрғыны И. жүйелі қорлау, ұрып-соғу және басқа да зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы 7 жыл бойы азаматтық некедегі әйелі С-ға физикалық және психикалық азап әкелгені анықталды, бұл оның өзіне-өзі қол жұмсауына әкелді", - деп жазылған хабарламада.

И-дің әрекеттері ҚК-тің 105-баптың 2-бөлімі 1-тармағы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу), 110-баптың 2-бөлімі 1-тармағына (жүйелі қинау) сәйкес сараланды.

Қылмыстық кодекстің 105-бабының 2-бөлімі санкциясы бойынша бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза, ҚК 110-баптың 2-бөлім санкциясымен төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

И-ге қатысты қылмыстық іс Көкшетау қалалық сотына жіберілді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова