Ішкі істері министрінің орынбасары Игорь Лепеха лудомандар ақша үшін қандай қылмысқа жиі баратынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол Мәжіліске келер алдында Тергеу департаментінен нақты қылмыстық істер туралы деректері алғанын атап өтті. Қылмыстарды лудомания дертіне шалдыққандар жасаған.
"Іс материалдарынан құман ойынға тәуелді адамдардың қандай әрекетке барғанын көруге болады. ІІІМ мәліметінше, лудоманиямен ауыратын адамдар былтыр 300 түрлі қылмыс жасаған. 2024 жылы 16 қылмыс тіркелді. Былтыр 2 кісі өлтіру, 25 тонау, 80 алаяқтық, 170 ұрлық тіркелсе, биыл 16 қылмыс анықталды: бір кісі өлтіру, 3 қарақшылық шабуыл, 3 тонау, 3 алаяқтық, бір ұрлық", - деді Игорь Лепеха.
Министрдің орынбасары мәселе өте күрделі екенін, лудомандар ақша адам өлтіруге баратынын айтты.
"Статистикалық деректер өте қорқынышты. Өкінішке қарай, бәрі осымен бітпейді. Сома да өте жоғары. Сондықтан мәселе өте күрделі деп айтқым келеді. Мысалы, бір азамат ұйымның 940 млн теңгесін құмар ойынға салып жіберген. Резонанс тудыратын деректер де бар. Мысалы, адам өлтіру. Оқиға Астанада болған. Түнде әйелі ұйықтап жатқанда күйеуі оның телефонын алып, ондағы ақшаны басқа жаққа аудара бастаған. Ол оянған сәтте күйеуі оны және апасын өлтіріп тастаған", - деді ол.
Сондай-ақ Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы бас директорының орынбасары Дәулет Байпейісовтің елімізде 442 мың адамға жуық адам лудомания дертіне шалдыққанын, оның тек 36 мыңы проблема барын мойындайтынын жеткізді.
Аяз Есен
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!