Әлеуметтік желіде Ақтаудағы 17-шағынауданда ер адамның жанжал шығарғаны бейнеленген видео пайда болды. Оқиғаның мән-жайын Маңғыстау облысының Полиция департаменті өкілдері бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеода ер адамның сол кезде балаларымен таксиде отырған әйелімен жанжалдасып жатқанын көрінеді.
Оқиғаның куәгерлері де, балалар да көмек сұрап айғайлап жүгіріп жүргені байқалады.
Ер адам дауыс көтеріп, балағаттап, әйелінің көліктен түсуін талап еткен, тіпті мәжбүрлеп, жұлқылап жатты. Кейін ол ерлі-зайыптыны жеткізіп салған такси жүргізушісіне тиіспек болған.
"Аудандық ішкі істер бөліміне ер адамның отбасында жанжал шығарып, әйелін ренжіткені туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына жақын маңдағы полиция патрулі жіберілді. Жанжалдасқандармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Олардан ешқандай арыз түспеді: бір-біріне ешқандай талаптары жоқ", - деп хабарлады полиция бөлімі қызметкерлері.
Тағы да оқи отырыңыздар: Түсіңде жыласаң, не болады?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!