Әйелін бір жыл бойы тоқтаусыз ұрып келген қылмыстық топ мүшесі ұсталды

Бішкекте ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді мүшесі ұсталды. Ол әйелін бір жыл бойы ұрып келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы Октябрь аудандық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Оның айтуынша, 6 ақпанда полицияға әйел бір жыл бойы жүйелі түрде ұрып-соғып келген күйеуіне шара қолдануды сұраған.

24.kg

"Әйел 2023 жылғы тамызда елорданың 4-ші шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында оны себепсіз ұрып-соққанын айтты. Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 280-бабы "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Ұсталған ер адам - ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді мүшесі ретінде Ішкі істер министрлігінде есепте тұрған 1972 жылы туған М.С. Ол Бішкек қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Күдіктінің үйін тінту кезінде белгісіз маркадағы екі атыс қаруы, екі магазин және бес патрон табылды. Сараптама тағайындалды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!