- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ер адам сотталды
Әйелін балаларының көзінше өлтірген ер адам сотталды
Фото:
ашық дереккөз
Қарағандыда әйелін балаларының көзінше өлтірген 51 жастағы ер адам сотталды. Ол 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда сотталушы үкіммен келіспей, апелляцияға беруді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әйелін балаларының көзінше пышақтаған ер адам бас бостандығынан айырылып, моральдық өтемақы төлеуі керек.
"Таймасовты 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесінде өтелсін. Жазасын өтеу мерзімі ұсталған кезден бастап есептеледі. Жәбірленуші Өмірзақованың пайдасына моральдық шығын үшін 20 миллион теңге өндірілсін", " деді судья Самал Аринова.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина