Блогер Дархан Жолшыбеков "NNN" youtube-арнасына берген сұхбатында жеке өміріне қатысты шындықты айтты , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дархан әйелінің ықпалы біраз нәрсеге әсер еткенін айтты.
"Даридің арқасында көтерілгенім рас. Менің атағымның шығуына оның көмегі көп тиді", - деп жауап берді ол.
Ол кәсіпкерлікке келгенге дейін бірнеше жерде қарапайым жұмысшы болған.
"Осы уақытқа дейін түрлі қара жұмыс істедім. Даяшы, әр түрлі жұмыстарды және базарда сатушы болдым. Қазір де базарға бармаймыз деп айта алмаймын. Әйелім ұнаса, кейде киімін базардан алады. Өзім базардан киінбеймін", - деді блогер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!