“Әйелмін“ деп танысқан: Алматыда үш адам әлеуметтік желі арқылы ақша бопсалаған

Алматыда әлеуметтік желі арқылы жәбірленушіні алдап, қылмыс жасаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Күдіктілер өздерін әлеуметтік желіде әйел ретінде көрсетіп, ер адамдармен танысқан. Хабарламалар алмасып, жәбірленушінің пәтерінде кездесу ұйымдастырған. Кейін "әйелмін" деп танысқан адамның ағасы немесе туысы екенін айтқан адамдар келген. Осылайша олар жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық туралы шағым түсіреміз деп қорқытып, ақша бопсалаған.

Осындай оқиғалардың бірін Жетісу ауданының полиция қызметкерлері анықтаған. Нәтижесінде үш күдікті ұсталды: бір әйел мен оның екі сыбайласы. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!