Рудныйда 62 жастағы тұрғын әйелімен жанжалдасып, қаланың шетіндегі саяжайға кетіп қалған. Ол қар құрсауынан табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Оқиға туралы Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Ер адам жолдан көлік тоқтатып, саяжайға барған. Сол күні жол болмағандықтан, оны тасжолға түсіріп кеткен. Ер адам қалған жолды жаяу жүрмек болған. 1,5 шақырымнан кейін қар мен жолдың нашарлығынан қар құрсауында қалған", - делінген хабарламада.
Кешкі сағат 21.00 шамасында саяжай қоғамының күзетшілері аумақты аралап жүріп, күдікті іздерді көреді.
"Іздерді тапқанда ұрылар кіріп кеткен шығар деп ойладық. Ізбен жүрудік және жанып жатқан от маңынан бір адамды таптық. Ол өз учаскесіне жаяу барамақ болып шыққан, бірақ жете алмаған. Кейін жолда тоңып қалғандытан, от жаққан. Сосын бірден полиция шақырдық", – дейді күзетшілердің бірі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!