- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әйелімен ажырасып кеткен...
Әйелімен ажырасып кеткен ер адам қайта оралып, қайырымдылық қор берген үйге таласқан
Бес баланың анасы #НеМолчиKZ қоғамдық қорымен байланысқа шығып, көмек сұраған. Бұл туралы қор жетекшісі Дина Смаилова әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бес баланың анасы 4 жыл бұрын күйеуімен ажырасып кеткен. Қайырымдылық қоры көпбалалы анаға баспана сыйлаған екен. Ал үш ай бұрын әйелдің бұрынғы күйеуі қайтадан пайда болып, өзгергенін айтып, отбасымен бірге тұрғысы келетінін жеткізген.
Болжам бойынша, ер адам үйге таласқан. Үй үлкен ұлының атына рәсімделген.
"Әйел адамға ол күйеуінің 500 мың теңгесін ұрлап алды деген арыздар түскен. Бұл туралы учаскелік полицей айтқан. Ал күйеуінің алимент қарызы 3,5 миллион теңге болған, мұны растайтын әйелдің құжаттары да бар. Қамқоршылық ұйымдары осы іске араласып, ер адамды ата-аналық борышын өтеуден жалтарғаны үшін жауапкершілікке тартуды сұраймыз", - дейді Дина Смаилова.
Сонымен қатар, көпбалалы ана соттан баласын тартып алатыны туралы, үйді алаяқтық жолмен алды деген және ата-аналық міндетін орындамағаны үшін үйден айырылатыны туралы хабарлар келген.
Дина Смаилова Жетісу ауданының прокуратурасы мен Полиция департаменті іске араласуын сұрады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина