- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Әйелімді ұшақпен алып...
"Әйелімді ұшақпен алып қаштым". Айдар Тұрғамбек жарын не үшін көрсетпейтінін айтты
"Жігіттер" квартетінің әншісі Айдар Тұрғамбек "Қызықты weekend" бағдарламасында әйелін не үшін көрсетпейтінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, жары көпшілік жерді ұнатпайды. Сол үшін де көрсетпейтінін айтты.
"Әйелім адам көп жерде жүргісі келмейді. Шымкенттегі өз туысқанының тойына әрең апардым. Суретке түсіргенді ұнатпайды. Негізі университетті қызылға бітірген. Қазір тағы бір оқу орынында оқып жатыр. Үйге қонақ келсе, әйелдермен бөлек отырады. Бүгінгі таңда 4 қызымыз бар. Үлкені 12-де, кішкентайымыз 1-де. Әйелім тамақты жақсы дайындайды. Бұдан бұрын Өзбекстанда тұрған. Сосын Қазақстанға көшіп келген. Палауды өте жақсы пісіреді", - деді ол.
Айдарды болашақ жарымен қарындасы таныстырған.
"Үйленетін ниетім болып, қыз іздеп жүргенмін. Өзіміздің менталитетке сай келетін сол Жетісай, Сарыағаш жақ қой. Қарындасым бір қыздың суретін жіберді. Бірден көрдім де, ұнатып, кездестік. Алғашқы кездесуде жарты сағат сөйлесіп, бәрін айттым. Сөйтіп, үш-ақ рет кездесіп, некеге тұрдық. Оны тіпті ұшақпен алып қаштым. Қызық болған. Шымкенттегі шақырылған тойға әншілермен бірге жалдамалы ұшақпен бардық. Барғаннан соң келіншегімді үйден шығарып алдым да, кешке кететінімізді айттым. Сөйтіп, той біткен соң, әншілермен бірге екеуміз ұшақпен қайттық. Бірақ мұны әріптестеріме айтпадым. Ертесіне неке қидық. Есімі - Айгерім. Екеуміздің арамыз 7 жас. Мәһрге Құран сұрады. Ол кезде телефонмен сөйлескен сайын, соны сұрауға дайындадым десем де болады. Себебі "ана досым үйленіпті, әйелі күшті екен, мәһрге Құран сұрапты" деп жиі айтатынмын", - деді әнші.
Өнер иесінің айтуынша, бастапқыда жары әншіні қызғанған.
"Басында Айгерім мені қызғанатын. Кейін бәрін іспен дәлелдегесін сенді. Өзі ұнатқан кез келген сыйлықты алып бердім. Оның ішінде телефон, үй ішінің техникалары бар. Бұйырса көлік алып беретін ниет бар. Қыздарымның ішінде әзірге өнерге жақын ешқайсысы жоқ. Бірақ әншілікті таңдауына қарсы болар едім. Қыз балаға лайық мамандық емес", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Қыран Талапбектің бұрынғы әйелі Айжұлдыз Адайбекова оның екінші рет үйленуіне қатысты ойын айтқаны туралы жарияланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ситком деген не?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы