Түркістан облысы Лесбек батыр ауылының тұрғыны Әбдәкім Төлепов "Астарлы ақиқат" бағдарламасында әйелі мен балаларынан көз жазып қалғанын айтты. Оның айтуынша, балдызы әйелін ұрлап, жезөкшелікке салып жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әке балалары мен жарын көрмегеніне 10 айдан асқан.
"Әйелім 2017 жылдан бері бұл жолға түсті. Сіңілісі алып кетеді. Ашығын айтайын, әйелімді еркектерге сатады. Тыңдамаса ұрады. Туған сіңлісі тәтті сөйлейді, бірақ ұрады. Әйелім жұмыс істейді, ал ақшасын балдызым алады", - дейді кейіпкер.
Әбдәкім Төлепов әйелінің қайда екенін білмейді. Ер адам балаларын қатты сағынғанын айтты. Әйелі Салтанат пен балалары 2023 жылы 19 сәуірде жоғалып кеткен. Әбдәкім Төлепов әйелінен 25 жас үлкен, ал отбасын құрғанына 13 жыл болған.
Кейіпкердің айтуынша, әйелі бұған дейін де сіңлісіне кетіп қалып жүрген. Әйелін алып келгеннен кейін екеуі сөйлескен. Әйелі сіңлісінің ұрғанын, өзінен жасы үлкен ер адамдарға сатқанын жасырмаған. Алайда қазір ер адам балдызы әйелін қорқып ұстап отыр деп сенеді.
Әбдәкім Төлеповтің балдызы Айтолқын өзіне тағылған айыппен мүлде келіспейді. Оған қоса, әйелі Салтанат күйеуінің жиі қол көтеретінін айтты.
"Сарығашта біреуден екіқабат болып келгенсің деп, мені ұрған. Туысқандар ұра берме деді. Қызы мен баласын мойындамайды. Басқа ер адамнан туғансың дейді. Қойды қамаспадың деп, жаңбырлы күні өзіме қаматып қояды. Не істесем де үстіме қайнаған су төгетін еді", - дейді ол.
Айтолқынның айтуынша, әпкесі Салтанат күйеуінің соққысынан басына көп зақым алған. Бағдарлама аяғында кейіпкер балаларымен қауышты. Бұған дейін Әбдәкім Төлеповтің балдызы балалардың әкесінен қорқатынын айтқан еді. Алайда балалар әкесінің құшағына асық болды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз