Дикий Данияр Дарабоз лақапатымен танылған файтер Данияр Мырзаханов өміріндегі қызық жайтты бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол "Қораға Кірдік show-ға" берген сұхбатында айтты.
"Мен ажырастым. 2016-да үйлендім. Ол кезде әке-шешем тірі еді. Ол кезде ақша көп. Мен жұмыс істемеймін, үйдемін. Ұзынағашта бір қызбен танысамын. Жасым 28-де. Ақылға салып, үйленсем деген ой болды. Қызбен таныстым, бір айдан кейін алып қаштым. Қыз көніп тұр, бір қой сойып, ет астық. Әйелімді інісімен алып қашып келгенмін ғой. Әйелім анасынан менімен мейрамханаға барса бола ма деп сұрған, анасы рұқсат бермеді. Өте тәртіпті қыз еді. Сөйтіп мен анасымен сөйлесіп, қызбен есік алдында сөйлеуге шықтық. Анасы бауырын қоса ертіп жіберген ғой. Бауыры "әпкемді саған бермеймін" деп жылап жүр. Артынан қуғыншылар келді. Қазір қызым бар. 8-де. Бірақ қызыммен араласпаймын", - дейді ол.
@videolive.qaz♬ оригинальный звук - 𝐒𝐚𝐥𝐞𝐦 𝐀𝐥𝐞𝐦
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз