- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Әйелімді көлікпен қағып...
"Әйелімді көлікпен қағып өлтіріп, жайбарақат таксиге отырып кетті" - төрт баланың әкесі
Астанада жантүршігерлік жол апаты болған еді. 20 жастағы жүргізуші 42 жастағы әйелді қағып, үш көлікке соқтығысқан. Ал марқұм әйелдің төрт баласы болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі egemen.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, енді көз жұмған әйелдің күйеуі жүргізуші қатаң жазаланғанын талап етіп отыр. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, қылмыстық іс қозғалды. Сот кінәлі деп тапса, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ербол Жұмабаев жарының қазасы жайлы тәртіп сақшыларынан естіген.
"Ішімдекке сылқия тойып алып, әйелімді қағып өлтірген қыз өзінің ғана емес, біздің өмірімізді де ойран етті. Төрт баламды анасыз қалдырды. Қазір кенжеміз төрт жаста, ол әлі түсінбейді, анасын күтіп жүр. Жүрегім жылап, өзімді қоярға жер таппадым. Ол қыз әйелімді қағып кетіп, шыға сала өз көлігіне қарады, содан кейін әйелімді көріп, оны көтеріп, қайта тастай салды. Қашып кеткісі де келді. Одан соң көліктегі заттарына бола қайтып кеп, жайбарақат ауладан шығып, такси шақырып кетіп қалды", - деген қара жамылған ер адам.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова