Әлеуметтік желі арқылы танымал болған имам, теолог Нұрлан Байжігітұлы жар таңдаудан жолы болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Имам "Сырласу" бағдарламасында әйелі туралы сөз еткен.
"Менің әйелім қымбат сыйлық алғанды ұнатпайды. Бірде қымбат сыйлық әперіп едім, әйелім ұрысып берді. Өзі өте қарапайым. Сол себепті оған Tiffany сыйламаймын. Әйелің қанағатшыл болса, дүниенің басы құралады екен. Жар таңдауда жолым болды деп есептеймін", - деді ол.
Осы бағдарламада берген сұхбатында Нұрлан имам ешкімнің де жобасы емес екенін және мәһр сұрау салты қазақ халқында болмағанын айтқан еді.
Еске салайық, әлеуметтік желілер арқылы халық арасында кең танылған Нұрлан имам жақында жеке үйі жоқ екенін, отбасымен бірге мешітте тұратынын айтқан болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз