Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында ер адам бірнеше дана бюллетеньмен дауыс бермек болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Заңбұзушылық Саумалкөл селосындағы №3 сайлау учаскесінде Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Орынбай Атығаевтың сенімді тұлғаларымен анықталып, тіркеуге алынды.
Бақылаушының ескертуіне қарамастан, ер адам өзінің әйелі үшін де дауыс бермек болған.
"Бұл менің бюллетеньдерім. Әйелім жаңа босанған. Емшектегі баламен қалай келмек?", - дейді видеодағы ер адам.
Бақылаушының бюллетеньді тастауға қарсылығына қарамастан, сайлаушы дауыс беру кабинасына өтіп кеткен.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!