• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

“Әйелім де біледі“. Сәкен Майғазиев Сәдуақасовамен арақатынасы жайлы сұраққа нүкте қойды

“Әйелім де біледі“. Сәкен Майғазиев Сәдуақасовамен арақатынасы жайлы сұраққа нүкте қойды
Фото: Massaget.kz коллажы

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Сәкен Майғазиев ел арасында тараған Мәдина Сәдуақасовамен арақатынасы жайлы алыпқашпа әңгімеге жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы МузАРТ тобының солисі "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында айтты. 

Ол бірнеше жылдан бері әріптесі Мәдина Сәдуақасовамен арақатынасы жайлы жалған ақпарат таратқандардың көбейіп кеткенін айтты. Сәкен Майғазиевтің сөзінше, Мәдина екеуінің арасында ешқандай "махаббат романы" жоқ, болған да емес. 

"Осы нәрсені үнемі айтып келемін. Гримеркада, сахна сыртында бірге жүрген фото-видеолар тарап, біз жайлы түрлі қауесеттер тарады ғой. Шыны керек, бұған осы күндері иммунитетім үйреніп те қалды. Әсер етпейтін де болып кетті. Мәдина екеуміздің арамызда сыйластық, достық, жақсы әріптестіктен басқа ештеңе жоқ. Болған да емес. Отбасымызбен жақсы араласамыз", - деді Сәкен Майғазиев. 

Осындай "өсек қуғандар" әйеліме де хабарласты дейді әнші. Сәкен Майғазиевтің әйелі бұл әңгімеге түсіністікпен қарағанын айтқан. 

"Мұндай өсектер тарап жатқанын әйелім де біледі. Жұбайым Динараға біреу хабарласып: "Сәкен мен Мәдина білдірмей жүрсін де, ұят қой" деп айтыпты. Сол жерде менің әйелімнің даналығы "жүрсе білдірмес еді ғой" деп жауап беріпті. Келіншегім отбасымызбен жақсы араласатынымызды айтып, "Сәкеннен гөрі Мәдинамен мен жақсы араласамын" деп жауап берген екен. Мәдинамен тойларда, ұшақта бірге көріп қалып, адамдар бірдеңені тарата береді ғой. Мырзалығымды танытып қыздарға, әйелдерге сахнада қолымды беріп, жәрдемдесіп жатамын. Соны көбі өсек қылып шығарып жібереді", - деп жауап берді әнші. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Литпин
Logotype Massaget