- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Әйелім, бала-шағамды ұмыттым“....
“Әйелім, бала-шағамды ұмыттым“. Танымал әнші өнерден неге кеткенін айтты
Фото:
видеодан кадр
Танымал қазақстандық әнші, “До Мажор” тобының бұрынғы мүшесі Ермек Мұқашев өнерден алыстауына не себеп болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші "Астарлы ақиқат" бағдарламасының "Жұмыссыз қалған жұлдыздар" атты шығарылымына қонақ болып, сұхбат берген.
"Қатерлі ісікпен ауырдым. Денсаулығыма байланысты топтан кетемін деп шештім. Өнермен айналысатын шамам да, көңіл күйім де болмады. Шынымды айтсам, өнер түгілі отбасыма қарайтын жағдайым болмай қалды. Әйелім мен бала-шағамды да ұмытып, денсаулығыммен әуре болып кеттім. Бастысы - үміт, талпыныс және тәртіп екен. Дәрігердің айтқанын істеп, 6 айда толықтай айығып шықтым", - деді Ермек Мұқашев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева