- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жыныстық құмарлық
Әйелдің жыныстық құмарлығын төмендететін әдеттер
Әйелдің жыныстық құмарлығы - денсаулық пен әл-ауқаттың күрделі және көп қырлы аспектісі. Ол физикалық және психологиялық жағдай, стресс, қарым-қатынас және өмір салты секілді әртүрлі факторлардың әсерінен өзгеруі мүмкін. Мысалы, әйелдердің кейбір әдеттері жыныстық құмарлықты төмендетеді. Бұл туралы акушер-гинеколог Дарья Казакова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газета.Ru-ға" сілтеме жасап.
Дәрігер дұрыс тамақтану жыныстық құмарлыққа тікелей әсер ететінін жеткізді. Мысалы, майлы тағамдар, тұтынылатын калорияның тым көп болуы артық салмаққа және созылмалы аурулардың пайда болуына ықпал етуі мүмкін, ал бұл жыныстық құмарлыққа теріс әсер етеді.
Осыған байланысты дәрігер кеңес берді:
- жаңа піскен жемістер мен көкөністерді тұтынуды арттыру;
- жаңғақ, дән, майсыз ет пен балықты диетаға қосу;
- су ішу режимін сақтау - судың жетіспеушілігі сусыздануға және жалпы әл-ауқаттың нашарлауына әкеп соқтыруы мүмкін.
"Отырықшы өмір салты физикалық денсаулықтың нашарлауына және энергия деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Бұл өз кезегінде жыныстық құмарлықты төмендетуі мүмкін. Жүзу, йога немесе фитнес сияқты тұрақты спорт түрлері метаболизмді күшейтеді және эндорфин деңгейін жоғарылатады. Негізі физикалық белсенділікке күніне кем дегенде 30 минут бөлуге тырысқан жөн", - деп қосты акушер-гинеколог.
Тағы бір маңызды фактор - психологиялық денсаулыққа күшті әсер ететін созылмалы стресс. Сондықтан жиі стреске түсетін әйелдерде жыныстық құмарлық төмен болады.
Дәрігер мұндай салдардың алдын алуға көмектесетін бірнеше жолды ұсынды:
- стресс деңгейін төмендету үшін релаксация мен медитациямен айналысу;
- қуаныш әкелетін, күнделікті уайымнан алшақтататын хоббимен айналысу.
"Ұйқының қанбауы және оның сапасының төмен болуы энергия мен көңіл күй деңгейіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін, бұл өз кезегінде жыныстық құмарлықты төмендетеді. Сондықтан ұйқыға қолайлы жағдай жасау маңызды: бөлмені қараңғылаңыз, шу деңгейін төмендетіңіз, режимді сақтаңыз. Ұйықтар алдында кофеин мен алкогольді шектеңіз", - деп қорытындылады маман.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә