Алматыда әйелді өлтіріп, басын кесіп алған ер адамға қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ер адам әйелдің басын Шолохов көшесіндегі базарда тастап кеткен.
Айыпталушы - 61 жастағы ер адам.
Сот процесінде прокурор оқыған айыптау актіндегі ақпаратқа сәйкес, күдікті марқұм әйелмен Шолохов көшесіндегі паркте танысып, оған жұмыс пен жататын орын ұсынған.
Ер адам жантүршігерлік қылмысты алдын ала жоспарлаған болып шықты. Ол мұндай әрекетке бірге тұратын басқа әйелдің көңілінен шығып, әсер ету үшін істеген. Ол үшін кесіп тастаған органдарды салу үшін алдын ала пакет пен пышақ дайындаған.
"11 сәуірде аса ауыр қылмыс жасау үшін И. Айнабұлақ шағынауданындағы үйінен шығып, саябаққа қарай барып, алдын ала пышақ пен пакет дайындап қойған. И. сағат 20.30 шамасында А.-мен кездесіп жантүршігерлік қылмысын жасай бастаған. Ол пышақты алып марқұм әйелдің мойнына сұғып, мойын артериясына зақым келтірген. Әйел екі минуттың ішінде қайтыс болған. Күдікті И.-ның басын кесіп, алдын ала дайындап қойған пакетіне салған", - дейді прокурор Мақсат Кеңес.
Келесі күні ер адам қоғамда резонанс тудыру мақсатында марқұмның басын адам көп жүретін жерге, шұжық пен ірімшік өнімдері сатылатын дүкенге апарған. Артынша ер адам үйіне барып, болған жайт туралы бірге тұратын әйелге айтып берген.
Бірнеше күннен кейін күдікті ұсталды. Алайда ол іс қолдан жасалған деп кінәсін мойындамаған.
Еске салайық, жантүршігерлік қылмыс биыл 12 сәуірде болды. Әлеуметтік желіде Алматыда ер адам әйелдің басы салынған пакетті базарға тастап кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Артынша полиция бұл ақпаратты растады.
Кейіннен марқұм әйелдің жеке басы анықталды. Ол 1976 жылы туған, тұрақты тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған. Біраз уақыттан кейін әйелдің басы жақын маңдағы сауда нүктелерінің бірінен табылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!