• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Әйелдің атын жамылып, ер адамдармен танысқан: БҚО тұрғыны жұртты бопсалаған

Әйелдің атын жамылып, ер адамдармен танысқан: БҚО тұрғыны жұртты бопсалаған
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

БҚО-да ер адам жергілікті тұрғындарды бопсалаған. Бұл іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, Орал қаласының 33 жастағы тұрғыны ұсталған. 

"Күдікті әлеуметтік желіде әйелдің атын жамылып тіркеліп, жәбірленушілермен танысқаны анықталды. Кездесуге келгенде күдікті өзін құқық қорғау және арнайы органдар қызметкері ретінде таныстырып, олардың әрекеттері заңсыз екенін айтып, олардан ақша бопсалаған", - деп жазылған хабарламада.

Осылайша жәбірленушілер бопсалаушыға жалпы сомасы 3 млн теңгеден аса қаражат берген.

Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау дерегі бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget