- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әйелдікі болған. Қытайда...
Әйелдікі болған. Қытайда 2700 жыл бұрынғы ең көне ер-тоқым табылды
Археологтар Қытайда 2700 жыл бұрын жасалған былғары ер-тоқымды тапты. Ғалымдар бұл көне бұйым өзінің жасымен ғана емес, сонымен қатар әдемі дизайнымен және жоғары сапалы жұмысымен таңғалдыратынын атап өтті. Көне жәдігер ер-тоқым тамаша сақталған.
Адамдар ер-тоқымдарды алғаш қашан пайдалана бастады?
Алдымен жылқыны Солтүстік Қазақстанда осыдан 5500 жыл бұрын қолға үйреткен. Бұл туралы Science журналында хабарланған. Алғаш адамдар оларды сүті мен еті үшін пайдаланды. Кейіннен міне бастады. І мыңжылдықтың ортасына дейін шабандоздар суреттерде ер-тоқымсыз бейнеленген.
© annales.info
Адамдар ер-тоқымдарды кейінірек қолдана бастады, мұны археологиялық олжалар ғана емес, сонымен қатар шабандоздар да дәлелдейді.
Ал Қытайда табылған ер-тоқым археологтар тапқан ең көне жәдігер болуы мүмкін.
© Patrick Wertmann et al. / Archaeological Research in Asia, 2023
Қытайда табылған ең көне былғары ер-тоқым
Ғалымдар Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында қазіргі ер-тоқымға ұқсайтын көне ат әбзелін тапқан. Ол құрғақ ыстық шөлдің арқасында тамаша сақталған.
Ер-тоқым сиыр терісінен жасалып, іші киік пен түйе жүнімен толтырылған. Тігін тігу мен тері өңдеудің жоғары сапасы оны тері өңдеуді ғана емес, атқа мінуді де жетік меңгерген шеберлердің жасағанын аңғартады. Ғалымдар ер-тоқым біздің эрамызға дейінгі 727-396 жылдар аралығында жасалған деп есептейді.
© Patrick Wertmann et al. / Archaeological Research in Asia, 2023
Қытайдағы ең көне ер-тоқым кімдікі болған?
Ғалымдар былғарыдан жасалған ер ғана емес, оның кімге тиесілі екенін де анықтай алған. Бұл ер-тоқым бай адам, ақсүйек немесе жауынгердікі емес әйелдікі болып шыққан. Ол былғары сырт киім, жүн шалбар және былғары етік киіп жерленген. Бұл туралы археологтар Archaeological Research in Asia басылымында хабарлады.
© Patrick Wertmann et al. / Archaeological Research in Asia, 2023
Ғалымдар ер-тоқымның сапалы екенін айтады
Ер-тоқымның күйі оның көп қолданылғанын көрсетеді. Фотосуретте жөндеу іздерін көруге болады. Сірә, шабандоз ұзақ уақыт бойы бұл ер-тоқымды пайдаланған және ол оған қымбат болғандықтан, бірге жерленген.
Мұндай олжалар адамдардың ер-тұрманды біздің эрамызға дейінгі І мыңжылдықтың ортасында қолдана бастағанын көрсетеді. Бұл біздің ата-бабаларымызға ұзақ қашықтыққа жылдам қозғалуға мүмкіндік берген.
Т. Раушанұлы